Қазақстанның бірінші теннисшісі Елена Рыбакина сенсация жасады

0 541

Серена Уильямстың «Үлкен дулығаны» 24-і рет жеңіп, рекордты жаңартатын соңғы мүмкіндігі мүлт кетті. Қазақстанның бірінші теннисшісі Елена Рыбакина 1/8 финалда Уильямсты қапы қалдырып, сенсация жасады.

Америкалық әйгілі теннисші Ролан Гарростағы өзінің үш титулының соңғысын 2015 жылы иеленіп, 2016 жылғы финалда жеңіліс тапқаннан бері Парижде төртінші раундтан аспай жүрген еді.
Ең алғаш Ролан Гарростағы дебютін 1998 жылы бастаған Уильямс, бұл жолы теннистен Францияның Ашық чемпионатында соңғы рет өнер көрсетіп отырғанын растап, ол туралы айтудан бас тартты.

Енді Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін ресейлік Анастасия Павлюченкомен таласады. Бір қызығы, бұл қарсыластар «Ролан Гаррос» турнирінде жұптық сында бірге табысты өнер көрсетіп келеді. Олар қазір үшінші айналымға дейін өткен болатын.
Ресейліктер теннистің жарық жұлдызын дер уағында қолдамағанына қазір өкініп жатқан да тәрізді. Өйткені, ол әйелдер арасында әлемге әйгілі теннисші бола алатыны да анық-

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.