Владимир Путин премьер-министр Асқар Маминді марапаттады
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминді марапаттады.
Ресей президентінің жарлығы ресми интернет-порталда жарияланды.
«Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин Достық орденімен марапатталсын», — делінген жарлықта.
Мамин премьер-министр лауазымына 2019 жылғы ақпанда тағайындалған. Бұған дейін 2016 жылғы қыркүйектен бастап ол премьер-министрдің бірінші вице-премьері болды. 2008-2016 жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ты басқарған.