Түркістандық ерлі-зайыпты 15 жасында үйленіп, 4 баланың ата-анасы атанды

0 320

Түркістан тұрғыны Ермек пен Ардақ есімді ерлі-зайыпты жас отбасы. 15 жасында отбасын құрған қыз-жігіттің бүгінде 4 баласы бар.

Бұл туралы «Айтарым бар» бағдарламасында айтылды.

«Мен колледжде оқып жүргенде Ардақты көрдім. Екеуміз де 15 жаста едік. Алдымен желі арқылы таныстық. Мен бірінші жаздым. Маған мінезі ұнады. Сұлулығы көз тартты. 2-курста үйленемін деп әзілдейтінмін. Сол әзілім шындыққа айналды. Қазір еш өкінбеймін. 4 балам барына қуанамын», — деді Ермек.

Ермек 15 жасында Ардақ есімді ғашығын жар етті. Бастапқыда қыздың ата-анасы да, өз ата-анасы да ерте үйленуге қарсы болған екен.

«Ата-анам қарсы болды. Біраз уақыт келіспей жүрді. Мен үйден кетіп қалған кезім болды. Мен нағашы әжемнің қолында өскенмін. Сол кісінің батасын алдым. Сосын әжем ата-анамды көндірді. Солай қызды алып қаштым», — деді Ермек Әмір.

Алып қашу оқиғасы жоспарлы түрде болғанымен уақытынан ерте өткен екен.

«Менің де ата-анам қарсы болды. Оқуыңды оқы деді. Бірақ мен Ермектің мені жылатпайтынын, қолдап жүретінін, бақытты ететінін білдім. Сондықтан біз қосыламыз деп шештік. Ата-анам да кейін келісті. Мені уақытынын бұрын Ермек алып қашып кетті. Мектеп емес, колледже оқып жатқандықтан шу болған жоқ», — деді Ардақ.

Ардақ пен Ермек колледжде махаббат байқауларына, түрлі шараларға қатыстып жүлдегер атанған. Олардың махаббатына бүкіл колледждің студенттері мен мұғалімдері куә болған екен.

17 жасында ана атанған ақтаулық блогер келін: Маңғыстаудың келіні болу сор емес, мақтаныш!

«Қосылғаннан кейін адамның көзіне шөп салу — қылмыспен тең»: Дарико апаймен 50 жылын бірге өткізген Ескендір Хасанғалиев «ескірмеген махаббат» туралы
«Иә тұрмысқа ерте шықтым. Өйткені маңдайыма жазылғаны сол, бірақ өкінбеймін. Қасымда Адал Жарым, Сүйкімді балапандарым бар! Дұрыс, әркімнің ойы әртүрлі! Менің Ойым ”Біреуге ерте, біреуге кешқыздар. Сол себептен де маған ерте Келін, Ана болу бақыты бұйырған екен.

Мысалы үшін қазіргі таңда не бір ақыл тоқтатып үйленген отбасыларды да көріп жатырмыз ажырасып, бала-шағасын асырай алмай жүргендерін! Ол әркімнің таңдайына жазған тағдыры.

Ерте үйленіп немесе кеш үйленіп көпке жетпей ажырасып жатқан да отбасылар да бар арамызда міне. Ол да Алланың қалауымен болып жатқан нәрсе. Өмірдің ащысына да,тұщсын да көне білу керек, бізде жас болсақ та сол нәрселерден өттік.

Осындай тату тәттілігіміздің, сіз біздігіміздің, сыйластығымыздың арқасында осындай дәрежеге жетіп отырмыз. Аллаға шүкір🤲ерте тұрмыс құрсақ та 4 балапандарымызды ешкімнен кем қылмай, ешкімнің алды да, арты да болмай өмір сүріп жатырмыз», — Ардақ Ахмет.

Жас ерлі-зайыпты 4 бала тәрбиелеп отыр. 22 жастағы ата-ананың тұңғышы биыл мектепке барған.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.