Көпбалалы аналарға қолдау көп

0 534

Сарысу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейі ырғақты қалыпқа түскелі тұрғындардың да әлеуметтік жағдайы біршама жақсарды. Соның есебінен халық саны да жыл өткен сайын еселенуде. Демографиялық ахуалдың қалыпты деңгейде болуы, яғни халық санының өсімі жылдың 4 айында 305 нәрестенің дүниеге келуімен толығып отыр. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл 23 нәрестеге артық деген сөз. Әрине бұл халықтың туу көрсеткішін ілгерілетіп отырған ақжаулықты, алтын құрсақты аналардың арқасы, — деп хабарлайды «Sheraga.kz» ақпарат агенттігі.

Жалпы қазақ қай уақта болмасын отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, жұрттың алтын құрсақты аналарға деген құрметі айрықша. Өйткені көпбалалы отбасы – береке-бірліктің ордасы. «Әр баланың өз несібесі бар» десек те, олардың білім алу, денсаулығы, еліміз, ұлтымыз үшіш қызмет ететін азамат болып өсуі үшін әр қашан мемлекеттің қолдауы қажет. Осыны ескерген Сарысу ауданы әкімдігі көпбалалы аналардың хал-жағдайы мен қандай жағдайда бала тәрбиелеп отырғанын, олардың мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекпен қамтамасыз етілуін басты назарда ұстап отыр. Ауданының әкімі Мұрат Сұлтанғалиев әр кез көпбалалы аналарға қаржылай көмек көрсету, олардың жекелеген санаттары үшін түрлі жәрдемақылар мен азық-түлік жиынтығын ұсыну шаралары бір ізділікпен жүзеге асып жатқанын айтады.

– Халық санының өсуіне тікелей ықпал етіп отырған көпбалалы аналар саны қазір аудан бойынша 1655-ке жетті. Оның ішінде 1142-сі алтын және күміс алқа иелері. Ал Жаңатас қаласында тұратын көпбалалы аналар саны -1380. Оның ішінде 1015 ана 4 бала және одан жоғары балалары бар аналар, яғни мемлекеттік жәрдемақы алатындар. 365 ана «Алтын алқа», «Күміс алқа», Батыр ана, 1-2 дәрежелі «Ана даңқы» медаль иелері. Өз кезегінде ауданның әр аймағында тұратын тиісті санаттағы көпбалалы аналар азық-түлік жиынтығын уақытылы алып отыр. Олардың кейбірінің бүгінде кәсіптік оқытудан өтіп, мелекет тарапынан қайтарымсыз қаржы немесе жеңілдетілген пайызбен несие алып іс бастауына да жағдай жасалған,– дейді М.Сұлтанғалиев.

Бүгінде көпбалалы аналардың да сәбилердің де, жалпы аудан тұрғындарының денсаулығы басты назарда тұр. Тек ел іргесінен індет енгелі ақхалаттылардың жұмысы еселене түскен. Адам жанының инженерлерінің тынымсыз еңбегі мен карантиндік талаптардың қатаң сақталуының арқасында індеттің таралуына жол берілмеген. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бүгінгі күнге дейін аудан бойынша коронавирусты инфекциясының 32 жағдай тіркелген екен. Бұл мәселе бойынша ауданда тиісті жұмыстар өз деңгейінде атқарылған. Соның арқасында есепте тұрған індет жұқтырушылар жоқ көрінеді. Тек карантин талаптарын бұзған 27 жеке, 1 заңды тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылыпты. Ел басына күн туғанда ереже бұзғандардан 1,5 миллион теңгеге жуық айыппұл салынып, толығымен өніріліпті. Бұл сірә карантиндік талаптарға бағынғысы келмегендерді жөнге салу үшінг жасалған амал болса керек-ті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.