Семейде көлік бес жасар баланы қағып кетті
Семейде көлік бес жасар баланы қағып кетті. Оқиға 2021 жылғы 6 маусымда сағат 17:00 шамасында болған.
«ВАЗ-2109» көлігінің жүргізушісі Титов көшесі бойында жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, бес жасар баланы қаққан. Бала ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша бірнеше сараптамалар тағайындалды, нәтижеге сәйкес процессуалды шешім қабылданады, – деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.