7 жұмыс берушіге 27 жас маман жолданды

0 30

Ағымдағы жылдың 18-20 наурызы аралығында Жамбыл облысының Сарысу ауданында ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау және нығайту мақсатында «Бейбітшілік пен келісім» жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында ІІ-топ «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу және бизнесті дамыту» топ мүшелері Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесу барысында жалпы – 38 іс-шара ұйымдастырып, барлығы — 800- ге жуық қамтыды.
Оның ішінде, кездесу — 10, қоғамдық қабылдау –10, үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстары –7, жиын, отырыстар — 5, семинарлар-тренингтер – 3, зерделеу жұмыстары- 3.
Жоба барысында әр саланың топ мүшелері тарапынан тұрғындарды толғандыратын – 273 мәселе қаралып, оның – 259-не тиісті жауаптар берілді, қалған – 14 мәселе жауапты мекемелер тарапынан бақылауға алынды.
Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері тұрғындар арасында кәсіп ашу, грант және несие алу бойынша мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында тұрақты жұмыспен — 29 адам, ақылы қоғамдық жұмыспен – 13 адам, әлеуметтік жұмыс орындарымен – 53 адам, жастар практикасымен – 141 адам, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантпен – 20 адам қамтылды. 30 адамға жеке қоғамдық қабылдау жүргізіліп, толығымен мәселелері шешімін тапты.
Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы қызметкерлері Шаруа (фермер) қожалықтардың қызметкерлері, кәсіпкерлер, жұмыссыз жүрген азаматтар және ауыл тұрғындарына 200-ден астам адаммен кездесу, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, 24 адам жеке қабылдап, мәселелері шешімін тапты. Сонымен қатар кәсіпорындар мен стартап жобалардың жұмысымен яғни матрацтар шығаратын цех, мал бордақылау алаңы, шағын құс фермасы, шұжық шығаратын цех, сүт өңдеу цехы, көкөніс сақтау қоймасы, тұшпара шығаратын цехы және тағы басқада кәсіпкерлердің жұмыстарымен танысты.
Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы 100 тұрғынды қабылдап, агроөнеркәсіп кешенін және ауылшаруашылық өндірісін тұрақты дамыту , ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламалар жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 20 тұрғынды жеке қабылдап, мәселелерін қарастырды.
Облыс әкімдігінің білім басқармасы 100 астам адам қабылданып, коронавирус індеті бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, буклеттер, брошюралар таратылды. Семинар кеңестер жүргізілді. 28 адам жеке қабылданып, сұрақтары толығымен қамтылып, мәселелері шешілді.
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, Еңбек,әлеуметтіке қорғау және көші-қон комиететінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 160 астам адамды қабылдап, диагностикаға бағытталған 28, стационарлық емдеуге жіберілді 17, амбулаториялық ем берілді 61, жеке қабылдау 85 адамның мәселесі шешілді. Сонымен қатар, амбулатория дәрігерлерімен кездесіп, сақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстарды жүргізді.
Жалпы «Бейбітшілік және келісім» жоба аясындағы атқарылған жұмыстар орталық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында (turaninfo.kz, talasnews.kz, shanyraq.info, aikyn.kz, tugyr.kz, kaz.nur.kz) және әлеуметтік желілерінде (фейусбук, инстаграмм парақшалары мен жергілікті әкімшілік сайттарында) жариялануда.
Сонымен қатар, ауданда бос жұмыс орныдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеде 17 жұмыс берушілерден 125 жұмыс орыны ұсынылды. Атқарылған іс-шараның нәтижесінде барлығы 79 адам қатысты. Оның ішінде 29 жасқа дейінгі 29 адам, әйел 30 адам, көп балалылар 12 адам, аз қамтамасыз етілгендер 7 адам.
Тұрақты жұмыс орнына 9 жұмыс берушіге 27 азамат жолданды (оның ішінде әйел 12 адам, 29 жасқа дейінгі 15 адам), ақылы қоғамдық жұмыс орнына 9 жұмыс берушіге 21 азамат жолданды (оның ішінде әйел 9 адам, 29 жасқа дейінгі 12 адам), әлеуметтік жұмыс орнына 3 жұмыс берушіге 3 азамат жолданды (оның ішінде әйел 1 адам), «Жастар практикасы» бағдарламасы 7 жұмыс берушіге 27 жас маман жолданды (оның ішінде әйел 13 адам).

Leave A Reply

Your email address will not be published.