4 мектепке Шерағаның есімі берілді

0 65

Шындықтың шырақшасы, ақиқаттың алдаспанындай болған қарымды қаламгер Шерхан Мұртазаның есімі исі қазаққа жақсы таныс. Қазақ баспасөзі мен прозасын жаңа биікке көтеріп, әдебиетке ерекше серпін әкелген тау тұлғаның өнегелі өмірі өскелең ұрпаққа зор тағылым, мол мұра екені даусыз.

Биыл абыз қаламгердің дүниеге келгеніне  90 жыл толды. Айтулы мерейтойға орай елімізде ілкімді істер қолға алынуда. Мәселен, жуырда Тараз қаласындағы «Баспасөз үйіне» Шерхан Мұртазаның есімі берілген болатын. Күні кеше бұл қуаныш еселеніп, облысымыздағы 4 бірдей білім ордасы, атап айтсақ облыс орталығындағы №30 мектеп-гимназия, Жуалы ауданындағы №1 мектеп-гимназия, Қордай ауданындағы №6 негізгі мектеп және Шу ауданындағы бұрынғы Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп қаламгердің есімін иеленді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрамбек Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Қалың қазақтың қадірлісі Шерағаның есімін ұлықтау шаралары мұнымен тоқтап қалмасы белгілі. Өйткені  қаймана жұрты барда Алаш ардақтысы санадан бір сәтке де өшпек емес.

Leave A Reply

Your email address will not be published.