1 маусымнан бастап Қазақстанда вакцина алғаны туралы қағаз анықтама беріледі

0 186

1 маусымнан бастап Қазақстанда адамдардың вакцина алғаны туралы қағаз анықтамалар беріле бастайды.

Бұл туралы еліміздің Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Сондай-ақ медициналық ұйымдар мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне барып, екпе салуды бастауы тиіс. Ал шетелде коронавирусқа қарсы екпе салдырған қазақстандықтар туралы мәліметтер 1 шілдеден бастап еліміздің деректер қорына енгізіледі. Бұдан бөлек құжатта Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының жауапты тұлғалары коронавирусқа қарсы вакциналардың қозғалысы жөніндегі деректерді вакцинация модуліне күн сайын енгізуі тиіс деп жазылған.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.