Әділдік пен өзара сенім құндылықтарын нығайту

0 22

Тараз қаласындағы № 9 бөбекжай-бақшасында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында дөңгелек үстел өтті.


Іс-шара Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда адалдық пен әділдік қағидаттарын қалыптастыру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу және өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беру мәселелері талқыланды.
Іс-шараға «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі Назима Дәрменқызы қатысып, балабақша ұжымымен ашық пікір алмасып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
Балабақша ұжымы өз ой-пікірлерін ортаға салып, қоғамдағы адалдық, жауапкершілік, әділдік пен өзара сенім құндылықтарын нығайту бағытында пікір алмасты.
Адал қоғам – әр азаматтың адал ұстанымынан басталады!
Әділдік пен парасаттылық – жарқын болашақтың негізі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.