Дулати университетіне жаңа ректор тағайындалды

0 1 699

 

Республикалық конкурстық комиссияның шешімімен М. Х. Дулати өңірлік университетінің жаңа Басқарма Басшысы-ректоры болып Ешенқұлов Талғат Ильясұлы бекітілді.

Т. Ешенқұлов 1978 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін тәмамдаған. Еңбек жолын 2000 жылы бастаған. Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Жоғарғы Сотында, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде қызмет атқарған. 2007–2011 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментін басқарған. 2016–2018 жылдары — ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасы орынбасары. Сондай-ай,, 2018 жылы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы және ҚР білім және ғылым вице-министрі қыщметін абыроймен атқарды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.