Алматыда көшелердің бірі жаз бойына жабылады

0 274

Алматыда жылу желілерін қайта жабдықтау жұмыстарына байланысты жазда Эксперименттік база көшесіндегі жол жабылады.

Көше 2021 жылдың 8 маусымы мен 1 қыркүйегі аралығында жабық болады.

«Шектеулер осы көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистраль құбырды жоспарлы ауыстыру жұмыстарына байланысты. Қолайсыздықтарға түсінікпен қарап, бұл учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз», — деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС өкілдері.

Ғимараттарға ыстық су уақытша ыстық сумен жабдықтау схемасы бойынша беріледі.

Айта кетейік, Алматыда 10 маусымға дейін әл-Фараби даңғылының бір бөлігі жабылды.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.