Шуақты мереке қарсаңында қуаныш сыйлады

0 430

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Осынау шуақты мереке қарсаңында бірін-бірі құттықтап, қуаныш сыйлау әлем бойынша игі дәстүрге айналған.

Аталмыш шарадан Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінің басшылығы мен жеке құрамы да шет қалмады. Осыған орай, мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиевтің басшылығымен, бастықтың орынбасары, әділет майоры Әміржан Дәулетқұловтың ұйымдастыруымен мереке қарсаңында бір отбасына көмек көрсетілді. Шарапаты мол шара аясында, сондай-ақ, үйдегі балаларға жаңажылдық сыйлықтар табысталды.

«Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» деген дана халқымыз.  Шынымен де, бала қуанышы – бәрінен қымбат. Бала – біздің болашағымыз, сол себепті біз балаларымыздың қалыпты өмір сүруі үшін жағдайдың бәрін жасауымыз қажет. Балалар келешекте мемлекетіміздің мерейін асқақтататын азамат болатынына  сенемін»,- дейді мекеме бастығы Ерлан Оразгелдиев.

Өз кезегінде отбасы мүшелері мекеме басшылығы мен қызметкерлеріне алғысын білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі. Айта кетерлік жайт, ЖД-158/2 мекемесінде дәстүрге айналған бұндай ізгі шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.