Кандидат қариялармен кездесті

0 465

«Nur Otan» партиясының аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Мұратхан Естаев таяуда Мойынқұм ауданының Биназар және Айдарлы ауылдарының жұртшылығымен кездесті.

«Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Айдарлы ауылында 102-ге келген, ғасырдан да ұзақ өмір сүрген әжей тұрады. Өткен ғасырдың барлық қызығы мен шыжығын көрген кісі ретінде, өмірі оңай болды деуге ауыз бармайды. Балалары мен немере мен шөберелерінiң ортасында қызығын көрiп отырған бақытты жан. Мұратхан Естаев ол кісіні 10 қаңтарда өтетін сайлауға шақырып, әжеміздің батасын алды.

Кандидат «Nur Otan» партиясы алдағы 5 жылға арналған сайлауалды бағдарламасын негізге ала отырып, Мойынқұм ауданының дамуының 7 басым бағыттан тұратынын айта кетті. Басты мақсат – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын тұрақты жақсарту үшін жағдай жасау екенін де ескертті.
Карантин талаптарын сақтай отырып, Биназар ауылындағы 84 жастағы әжейдің үйінде болып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сұхбаттасу барысында «Nur otan» партиясы тарапынан зейнеткерлерге көрсетілетін көмектер, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру; салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында көп қабатты үйлердің аулаларын абаттандыру және дене шынықтыру-спорт құрылғыларын орнату; жастар арасында жұмыссыздықты болдырмау сынды бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітті.
Оның айтуынша, өз кезегінде әжей «Nur Otan» партиясы халқымыздың әл-әуқатын көтеру, экономиканы дамыту бағытында жүргізіп жатқан жұмыстарына ризашылығын білдіргенін жеткізді.

«Мемлекетіміздің әлемдегі дамыған алдыңғы қатарлы елдер санатына енуі мақсатында партия бағдарламасына сәйкес атқарылатын жұмыстар мен алға қойған міндеттер жайында пікірлесу, сұхбаттасулар жалғасын табатын болады. Алдағы маңызды додада еліміздің тұрақтылығы мен экономикалық өрлеуі жолында халық үшін қызмет етіп келе жатқан «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

 

«Nur Otan» партиясы Мойынқұм аудандық Сайлау қорынан төленді

Leave A Reply

Your email address will not be published.