Кандидаттар ауылдың мәселесін шешуге үлес қосады

0 347

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Төлеукүл Кәрібаева, Т.Аманжолов пен партияның сенiмдi өкілдері «Кандидат — қонақта» акциясы аясында мыңаралдық, көп балалы ана Зоя Дулатбекова мен «Темiр жол» қызметкері Әлкеш Дулатбековтың шаңырағында болды.
Кездесуде үміткерлер «Nur Otan» партиясының ел игілігі үшін жасап жатқан оңтайлы істері мен алдағы уақытта атқарылатын ауқымды шаруаларын сөз етiп, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ ауданды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, газ жеткізу, жаңа мектеп пен балабақша салу көзделгенін атап өтіп, үлкен міндеттерді іске асыратындығын жеткізді.
-Күнделікті телеарнадан, газет беттерінен партия жұмысын көріп жүрмін, сайлау кезінде жұмыстарыңыз одан әрі қыза түсті, бағдарламаларыңызда халықтың көтерген мәселелерінің шешілу жолдары қарастырылғаны көз қуантады. Жақсы істердің бастаушысы болып жүре беріңіздер» — деп, күш — қайратын еселі еңбекке жұмылдырған үміткерлерге алтын құрсақты ана өзiнiң ақ батасын берiп, сәттік тіледі.

 

«Nur Otan» партиясы Мойынқұм аудандық Сайлау қорынан төленді

Leave A Reply

Your email address will not be published.