«Қауіпсіз қала»: Астана көшелеріне 7500 камера орнатылатын болды

0 243

Нұр-Сұлтанда «Қауіпсіз қала» жобасы аясында 7500 жалпы бейнебақылау камерасы орнатылмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Бүгінгі таңда пилоттық жобада қалада 1100-ден астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Бейнекамераларды орнатуға арналған мекенжайлар мен нысандар тізімі аудан әкімдіктері мен Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің өтінімдері негізінде жүзеге асырылады.

«Тәжірибе көрсетіп отырғандай, күн санап дамып жатқан әлемде құқық бұзушылықтың алдын алу ісіне ден қою қажет. Бейнебақылау камераларына иелік ету жедел басқару орталығына (ЖБО) және Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне берілді. Онда операторлар кезекшілік етеді. Олар оқиға болған бетте осы аудандағы полиция қызметкерлеріне дереу хабар береді», — деп атап өтті елордалық цифрландыру басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек.

Жоба қаладағы қауіпсіздікті орнату ету үшін технологиялық шешімдерді қамтамасыз етуге арналған. «Қауіпсіз қала» жобасы – біріктірілген бейнетіркеу жүйесі. Деректерді өңдеу жүйесі әртүрлі жағдайда тиімді жұмыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуден басқа, жоба қаланың тыныс-тіршілігіне анализ жүргізуді автоматтандыруға, сондай-ақ соның негізінде шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру қала тұрғындарының өмір сүру сапасын және олардың жұмысына қанағаттану деңгейін арттырады. Жоба құқық бұзушылықтың алдын алуға, қалалық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, сондай-ақ құқықтық тәртіпті тәулік бойы бақылауға бағытталған», — деді қалалық басқарма басшысы. «Қауіпсіз қала» жобасы іске қосылған сәттен бастап оң нәтиже байқалады.

Мәселен, 2021 жылдың бірінші тоқсанында қылмыстың ашылуы жақсарды, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны 53%-ға (8 502-ден 4 000-ға дейін), көшелерде жасалған қылмыстардың саны 48,2%-ға (3 381-ден 1 752-ге дейін) қысқарды. 2020 жылы тіркелген қылмыстар саны 30%-ға азайды. Сондай-ақ, қоғамдық орындардағы жағдай туралы ақпаратты жинау және тіркеу арқылы қаланың құқық қорғау органдарының кезекші бөлімдерін ақпараттық қамтамасыз ету жақсарды.

«Қауіпсіз қала» жобасын іске асыру әрбір нысан үшін жеке міндеттерді шеше отырып, объектілерді, қаланың барлық ауданын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарды басқаруға мүмкіндік беретін икемді жүйе болып саналады. Жоба бойынша жұмыс жалғасуда, толық іске асырылған жағдайда біз қаланы азаматтардың қауіпсіздігі үшін бірыңғай цифрлық кеңістікке біріктіреміз», — деп қорытындылады Ботагөз Қасабек.

nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.