ШҚО-да 370 адам 200 млн теңгеге алданған

0 282
ШҚО-да «Денежный поток» атты қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті айналымы 200 млн теңгеден асатын «Денежный поток» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

Тергеу барысында 2019-2020 жылдары ШҚО-ның екі тұрғыны мессенджер арқылы Ресейдің ірі құрылыс компаниясының қызметі түрінде алаяқтық схеманы ұйымдастырғаны анықталды. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар екі ай ішінде жарна сомасының 25%-ы мөлшерінде апта сайын мол пайда табуға уәде берген.

Уәдеге сенген салымшылар ресми шарт жасаспай, ақша аударымын ұйымдастырушылардың картасына жіберген. Қаржы пирамидасына 370-тен астам адам алданып, оның тек 43-і органдарға жүгінді. Кінәлі тұлғалар 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, қаржы пирамидасы – салымшылар кірістерді жаңа қатысушылардың жарнасы есебінен ғана алатын, қылмыстық жаза көзделген (ҚР ҚК 217-бабы) инвестициялық схема.

Қаражатты алу тоқтағаннан кейін, төлем тоқтап, жүйеге қатысқандардың көбі қаражатсыз қалады.Табыс алуға кепілдік берілген жалғыз адам – қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.