Қаратау қаласында демалыс орны ашылды
Шағын қалаларды дамытуда қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар нәтиже беруде. Соның аясында қаламыздағы қараусыз қалған біраз нысанның жұмысы жанданып келеді. Әсіресе, кәсіп бастап, еңбек етемін деген жанға барлық мүмкіншіліктер жасалуда.
Көптен бері бос тұрған нысанды жеке кәсіпкер Салтанат Бөлтірікова қолға алып, «Керемет» атты демалыс орнын ашты. Аталмыш нысанда екі бассейн орналасқан. Біреуі балаларға арналған ені 6 метр, ұзындығы 12 метр, ал тереңдігі 70 см. Екіншісі ересектерге арналған ені 12 метр, ұзындығы 24 метр, тереңдігі 1,5 метрді құрайды. Бассейнде санитарлық тазалық сақталған және суында арнайы фильтр мен душ та орнатылған.
Сонымен қатар, мұнда балалар да, ересектер де бірге демалатын, тамақтанып тынығуға болатын жағдай жасалған.