Жамбыл ауданында мерекелік автошеру өтті
4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күні.
Айтулы датаға орай Жамбыл ауданында мерекелік автошеру ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты ұлттық құндылықтарымызға балайтын рәміздерімізге деген сүйіспеншілік сезімін ояту, ұлттық нышандарымызды ұлықтау, дәріптеу болатын.
Автошеруге 17 автокөлік қатысып, аудан орталығы – Аса ауылынан бастап, мемлекеттік Тудың авторы Шәкен Ниязбеков ауылындағы ту тұғыры аллеясына дейін жалғасты. Осылайша жамбылдықтар мемлекеттік рәміздеріміздің аудан көлемінде ұлықталуына, дәріптелуіне үн қосып, құрмет білдірді.
Сондай-ақ аллеяда өткен концерттік бағдарламада аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев сөз алып, ұлық мерекемен құттықтаса, ауыл ақсақалдары мереке күнгі автошерудің ұлт санасына тигізер әсері зор екенін айтып, ризашылығын білдірді.
Ақжігіт Жетпісбай
Жамбыл ауданы