Ақтөбе облысында 7 жастағы бала бесінші қабаттан құлап, аман қалды

0 252
Полиция департаменті Ақтөбе облысында 7 жастағы бала бесінші қабат терезесінен құлап кеткенін хабарлады.

«3 маусымда Батыс-2 ауданында көппәтерлі үйдің бесінші қабатынан 7 жастағы бала құлап кетті. Кәмелетке толмаған бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Оқиға кезінде баланың анасы бірнеше минутқа дүкенге кеткен, ал бала ол кезде ұйықтап жатқан», — деді аймақтық полицияның баспасөз қызметі өкілі.

Балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапахов баланың тұрақты-ауыр халде екенін айтты.

«Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты-ауыр. Жансақтау бөлімінде бақылауда болып, ем алады. Есін біледі. Ол жабық ми жарақатын, өкпе, бүйрек, бауыр жарақаттарын алған. Оң жамбасында сынық бар. Балаға операция қажет емес», — деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.