ЕКПЕ САЛДЫР. ІНДЕТТЕН САҚТАН
Бүгін COVID-19- ға қарсы екпенің (вакцинация) екінші кезеңін алдым. Көңіл күйім өте жақсы. Тек түнгі ауысымнан шыққаннан болар шамалы шаршаңқылық басымдау. Дене қызуым (температура) 35.0 А/Д 110.90. Қазіргі уақытта Араб Әмірлігінен шыққан Hayat-Vax вакцинасы салынып жатыр, өте жеңіл өтеді. Барлықтарыңызды екпе алуға шақырамын. 25-мамыр күні Ортаншы Ұлым Иззатты ертіп алып барып екпе алдық. Әрине кейінгі уақыттарда Халық арасында әлеуметтік желі арқылы жалған ақпараттар таралуда, ондай жалған ақпарға сенбеулеріңізді сұранамын. Естеріңізде болсын Сіздер дамыған зайырлы мемлекеттің Азаматысыздар, Сіздердің ауырмай аман-есен жүрулеріңіз мемлекет үшін үлкен орасан зор ғанибет. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде деген.
Ескерту: егерде Сіздің денсаулығыңыз екпе (вакцинация) алуға сай болмаса, жергілікті яғни учаскелік Дәрігеріңізден медотвод от вакцинации или медотвод от прививок рк деген справка алсаңыз ұшаққа, поездға билет ала аласыз және Шет мемлекеттерге саяхат жасап қайтуға мүмкіндігіңіз болады.
#екпеал
#вакцинурися
#саулықсақтықта
Нұрғали Әбдіғалиұлы Қаспақов.