«Есіктен есікке» акциясы жалғасуда

0 337

«Nur Otan» партиясынан ұсынылған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихаттық жұмыстары жалғасуда. Осы орайда облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ни Сергей Константинов, Жетібаев Қайрат Қыдырәлиұлылар «Есіктен есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кандидаттар «Мұхтар» шаруақожалығының малшыларымен кездесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын және 5 жылдыққа бекіткен жоспарымен жіті таныстырды.
Кездесу барысында ауыл тұрғындарының сындарлы ұсыныстарын өз назарына алып, ауылды дамыту жолында бірқатар шаралар қарастырылғанын және сайлаушылар сенімін бағалап, жақсы нәтижелерге бірге қолжеткізетініне сенім білдірді.
Аталмыш акция аясында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Б.Қалымбетов, М.Белгімбаев, Ж.Бұхарбаевтар да ауданымыздағы Хантау, Қияқты, Биназар ауылдық округтерінде болып, ауыл тұрғындарымен жеке кездесу өткізді. Тұрғындар тарапынан тұрғын үймен қамтамасыз ету, газ жүйесін орнату мәселесіне қатысты сұрақтар көтеріліп, тиісті жауаптар берілді.
– Аудан тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін «Nur Otan» партиясы халықты сапалы ауыз сумен, газ жүйесімен қамтамасыз етеді. Көшелер мен ауылдар абаттандырылып, тұрғындар үшін қолжетімді инфрақұрылым жасалады — деді кандидаттар.
Хантаулық тұрғындар арасында көпбалалы аналар да назардан тыс қалмады. Оларға кандидаттар сайлау науқанына байланысты ақпараттық үгіт-насихат парақшаларын беріп, 10 қаңтар күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.