Ақмола облысында немересі әжесінің жинаған 800 мың теңгесін букмекерлік орталыққа тігіп жіберген

0 274

Ақмола облысында немересі әжесінің 800 мың теңгеден астам ақшасын букмекерлік кеңсеге жұмсаған. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі жариялады.

Осы жылдың 14 мамырда полицияға Ақкөл ауданының Еңбек ауылының 70 жастағы тұрғыны шағым түсірген. Оның айтуынша, 16 наурыздан 11 наурызға дейінгі кезеңде  белгісіз тұлғалар оның банктік шотынан 848 мың теңге көлеміндегі қаражат ұрлаған.

Зейнеткер жинап жүрген ақшасын банкоматтан қолма-қол ақшаға айналдырғысы келген. Бірақ шотта ақша жоқ екенін білгенде қатты таң қалды. Банк ақшаның букмекерлік кеңсеге аударылғанын хабарлапты.

Полицейлер ұрлық бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Әңгіме барысында полицейлер банк картасына жәбірленушінің немерелерінің қол жетімді екенін анықтады.

Жас жігіт өз қылмысын толық мойындап отыр. Белгілі болғандай немересі әжесінің банк картасы байланған телефоны арқылы бәс тігіп отырған. Бұл туралы ол ешкімге тіс жарып айтпаған.
Операцияларды растау кодтары бар хабарламаларды жойып отырған.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.