ЖЫЛЖЫМАЛЫ БРИГАДАЛАР АУЫЛДАРДА КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ВАКЦИНА САЛЫП ЖАТЫР

0 302

Т.Рысқұлов аудандық орталық аурухана бойынша коронавирус індетіне қарсы екпе жасау жұмыстарын өткізу үшін бас дәрігердің 2021 жылғы 1 наурыздағы № 90-Ө бұйрығымен вакцинация жасау жұмыстарын ұйымдастыру, өткізу іс-шаралар жоспары жасалынып, комиссиялар құрамы бекітілді.

Вакцинация өткізу үшін аудан бойынша 6 екпе жасау бригадалары жасақталды. Жылжымалы екпе бригадаларының күшімен Тереңөзек, Ақыртөбе, Қонаев, Құмарық, Қорағаты, Қызылшаруа, Луговой, Қарақыстақ, Әскери қалашық, Өрнек, Тасшолақ, Қазақ және басқа да елді мекендерінде салынды. Жылжымалы егу бригадалары халыққа қолжетімді жерлерде және шалғай ауыл-аймақтарды аралап коронавирусқа қарсы вакцина салу ісін жалғасын табуда.

Жалпы алғанда аудан бойынша вакцина жасауға мақсатты топ — 30223, ол ересек тұрғындардың 80,4 пайызын құрайды. Ақпан-1 маусым айлары арасында ауданға барлығы 6450 доза вакцина алынды, 1 маусымға дейін оның 5622 (алынған вакцинаның-87,2 пайызы) дозасы салынды және ол жоспарланған мақсатты топтан 18,6 пайызды құрайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.