100-ден астам адам өлтірген атақты мафия қылмыскері бостандыққа шықты
Италияда 25 жыл түрмеде отырған сицилиялық «Коза Ностра» мафиясының бастығы, жүзден астам адамның өліміне қатысы бар деп танылған «Бас кесер» деген лақап атпен танылған Джованни Бруска шартты түрде босатылды.
Брускидің қылмыстарының тізіміне мафиямен күрескен, судья Джованни Фалькон мен оның әйелі, үш күзетшісі, сондай-ақ мафияның бірінің 11 жасар ұлын азаптау және өлтіру кіреді.
Бруска 1996 жылы тұтқындалып, түрлі қылмыстардың жиынтығымен өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Енді оны төрт жылдық сынақ мерзімімен шартты түрде босатты, бұл қоғам мен саясаткерлердің ашуын туғызды.