Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 19 адам қайтыс болды
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 19 адам қайтыс болды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирустан – 15, пневмониядан 4 адам көз жұмды.
Былтыр 13 наурыздан бастап коронавирустан 4 007 адам қайтыс болды. Пневмониядан 3 376 адам көз жұмды.