«Сайран» көлінде жоғалған ер адам өлі табылды
Алматыда 31 мамырда «Сайран» көлінде жоғалып кеткен ер адам өлі табылды.
Куәгерлердің айтуынша, 31 мамырда сағат 17.30-да «Сайран» көлінде 25-30 жастағы ер адам суға кіріп, қайта шықпаған. Алматы ТЖД мәліметі бойынша, құтқарушы-сүңгуірлер ер адамды бір тәулік бойы іздестірген.
«Мәйіт табылды, жеке тұлға анықталып жатыр», — деді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Айта кетейік, бұған дейін 31 мамырда жоғалып кеткен ер адамды іздестіру үшін оқиға орнына Алматы құтқару қызметінің 4 сүңгуірі, «ҚР ТЖМ РЖҚЖ» ММ 3 сүңгуірі, 2 қайық жұмылғаны хабарланған болатын.