Ақжардағы ақжарма кездесу
Үміткерлер бұқарамен канвассинг форматында кездесуде
Айтулы мерекеде Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты Ақжар елді мекеніне, аудандық және облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер мен олардың сенімді өкілдері барып, тұрғындармен кездесті.
Кандидаттар бұқарамен жүзбе жүз кездесіп, әрбір шаңырақта партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
— «Жамбыл облысы халқының табысын арттыру» және «алқаптан сөреге дейін» пилоттық жобаларын іске асыру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: 2025 жылға дейін ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алаңын 25 мың гектарға кеңейтуге, мал басының 110 мыңға және құстың 102 мың басқа өсуі есебінен өнім шығаруды ұлғайтуға, сыртқы өткізу нарықтарын дамыту (бидай — Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан; пияз — Польша, Өзбекстан; картоп — Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан; жұмыртқа — Тәжікстан, Өзбекстан; сафлор майы — Германия, Нидерланды, Жапония, Иран, Қытай; макарон өнімдері — Ресей, Тәжікстан, Ауғанстан; ет және қосымша өнімдер — Қытай, Өзбекстан, Иран, Бахрейн, Кувейт), өндірілетін сүтті қайта өңдеуді 85%-ға дейін, етті 60%-қа дейін ұлғайтуға, жыл сайынғы жәрмеңкелерді ұйымдастыруға, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша апта сайын мониторинг жүргізуге, әлеуметтік павильондарды ұлғайтуға ықпал етеді, — деді үміткерлер.
Ақжарлық тұрғындар арасында көпбалалы отбасылар да назардан тыс қалмады. Ауылдықтарға кандидаттар мен сенімді өкілдер партияның ұстанған саясаты мен сайлау науқанына байланысты ақпараттық үгіт-насихат парақшаларын таратты.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражатынан төленді.