Алматыдағы Bek Air ұшағының апатқа ұшырауы: Тергеу нәтижелері не себепті кешіктіріліп жатыр

0 319
Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов 2019 жылы Алматыда болған Bek Air әуе апатына байланысты тергеуді кейінге қалдырудың себептері туралы айтты.

 

«Жақын арада біз Алматыда Bek Air авиакомпаниясымен болған әуе апатына қатысты тергеу қорытындысын жақын арада ала аламыз деген үміттеміз. Өкінішке орай, бұл қайғылы оқиғаға себепкер болған авиакомпанияның қауіпсіздік стандарттарды бұзғаны болуы ықтимал. Тергеу шаралары пандемия жағдайына байланысты кешіктірілуде. Халықаралық сарапшылар Қазақстанға тергеу жүргізу үшін уақытылы келе алмаған», — деді Атамқұлов халықпен есеп беру кездесуі кезінде.

Сонымен бірге, министр бейтарап және объективті тексеру мақсатында департаменттің халықаралық тәжірибеге сәйкес «құзырлы органдар қорытынды шығарғанға дейін апатты тергеу барысы туралы түсініктеме беруге құқығы жоқ» деп баса айтты.

Еске салайық, «Бек Эйр» әуе компаниясына тиесілі «Фоккер-100» ұшағы тура бір жыл бұрын Алматы іргесінде апатқа ұшырап 12 адам қаза тапқан. Қайғылы оқиғадан кейін арнайы комиссия құрылып, әуежай маңындағы жер телімдеріне қатысты талай заңсыздықтардың беті ашылды.

Бұл істе 7 адам күдікке ілінген. Оның алтауы Талғар аудандық жер қатынастары бөлімінде түрлі лауазымды қызмет атқарған, ал біреуі соларға клиент тапқан риелтор.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.