«Адам деуге болмайды». Павлодарда тұрғын шабуылға ұшырағанын айтты

0 234

Павлодар тұрғыны Instagram-парақшасында екі ер адам оған шабуыл жасап, аяусыз ұрып-соққанын айтты. Оқиғаны полицейлер тергеп жатыр.

29 жастағы қыздың айтуынша, оқиға Павлодардағы мекемелердің бірінде болған.

«Маған белгісіз бір жыртқыш шабуыл жасады, өйткені оларды адам деуге болмайды. Олар маған көшеде такси күтіп тұрған кезде шабуыл жасады. Мені тепкінің астына алғанда тек мүгедек болып қалмасам екен деп дұға жасадым. Кәмелетке толмаған балам бар, оған құрған жоспарларымды орындай алмай қаламын ба деп қорықтым. Басымның бәрі жара», — дейді зардап шегуші Әсем Мерғалиева.

Қыздың айтуынша, ол әлі күнге дейін болған оқиғаны үреймен еске алады.

«Мен бұл адамдарды бұрын көрген емеспін және неге маған шабуыл жасағанын білмеймін», — деді қыз.

Желідегі жазбаға қосымша ретінде Павлодар тұрғыны шабуыл жасағандардың бірінің суретін жариялаған.

Жазбадағы суреттен өзін көрген ер адам оқиғаның тағы бір нұсқасын айтты.

«29 мамырдан 30 мамырға қараған түні менің жұбайым мен әпкесі қаладағы мекемелердің бірінде болды. Әйелім қоңырау шалды. Жылап тұрып, бейтаныс қыз әпкесінің басынан сыра бөтелкесімен ұрғанын айтты», — деді ол.

Оның айтуынша, мекемеге келген кезде әйелі әпкесін алып шықанын көрген. Қыздың басы қан болған.

«Кенет бейтаныс қыз әйелімнің әпкесіне жұдырықпен шабуыл жасай бастады. Мен оларды ажыратуға тырыстым. Кейін жақын жерде тұрған адамдар жағдайды көріп, маған көмектесе бастады. Кейін біз кетіп қалдық.

Таңертең жұбайымның әпкесі қатты ауырды, басындағы жарадан қан тоқтамады, кейін травматологияға жүгінуге тура келді», — деді ол.

Алайда зардап шеккен павлодарлық ондай ештеңе жасамағанына сендірді.

«Кафеде мен жалғыз болдым, қонақтарды күтіп отырдым. Қыздармен келіспей қалдық, олардың бірі үстелге жақындап, билей бастады. Кейін үстелді итеріп, мені қабырғаға тақап, жұдырық жұмсап, әдепсіз сөздер айтты. Онда тыныш отыру мүмкін емес екенін түсініп, төлем жасадым да сыртқа шықтым. Онда екі ер адам маған шабуыл жасады. Олар тарапынан мұндай әрекеттерді ақтау қашаннан бері қалыпты?» — деді Мерғалиева.

Оқиғадан кейін павлодарлық қыз бірден полицияға жүгінген.

Сонымен қатар, Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі дәмханада зардап шеккен қыздан да арыз түскенін айтты.

«Павлодар тұрғынының өтініші бойынша материал Солтүстік полиция бөлімінде тіркелген. Оқиғаның барлық қатысушылары анықталды. Сондай-ақ, екінші тараптан да арыз түсті. Жәбірленушілерге сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деді ведомство өкілі.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.