Арубаев: Келесі апта шоқайлықтарға ауызсу және 76 азаматқа баспана беріледі
Иә, дәл осылай. Аудан әкімі Сәкен Арубаев өзінің фэйсбуг әлеуметтік желісінде жеке парақшасында осындай жаңалықпен бөлісті.
Кеше Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев Шоқай ауылына жүргізіліп жатқан таза ауызсу жүйесінің құрылысын көрді.
«Өңірлерді дамыту» бағларламасы аясында қолға алынған құрылыс екі жылға жоспарланған. Биыл аяқталатын жыл.
Құрылыс жұмыстарын барлық талаптарға сай орындаған «Болат-Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 800 тұрғыны бар Шоқай ауылына 15 шақырымды құрайтын су құбырларын тартып, 136 аулаға су тетіктерін орналастырды. Халық қажетіне берілетін сапалы ауызсу толығымен әзір. Тек ауыл маңындағы су мұнарасының айналасын ретке келтіріп жатыр.
Міне, құрылыс аяқталатын күн жақын екенін, барлық құрылыс жұмыстарына, құбырларға қайта зерделеу жұмыстарын жүргізу керектігін айтқан Сәкен Қаланұлы нысанды аралап шықты. Ешқандай ақау шықпау қажеттігін тағы еске салды.
Мұнан соң аудан басшысы Аса ауылындағы көпқабатты пәтердің ауласын, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын назарға алды.
Сәкен Қаланұлы алдағы апта шоқайлықтарға таза ауыз су берілетінін, кезекте тұрған 76 азаматқа баспана үлестіретінін айтып, нысандарға толық тексеріс жұмыстарын қайта үйлестіруді сала басшыларына тапсырды
Құрылыс нысандарын аралау кезінде аудан әкімімен бірге Ақбастау ауылдық округінің әкімі Нұрсұлу Дүзеева, Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшынбетов және аудан әкімдігі тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Елдос Кеңесбеков бірге жүрді.
Ақжігіт Жетпісбай
Жамбыл ауданы