Президент оқушылар үшін жанын пида еткен ұстазды марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шарын шатқалында оқушыларды құтқарамын деп мерт болған Мерей Ибрагимовты марапаттады.
«Адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Алматы қаласы «№ 199 мамандандырылған гимназия» КММ мұғалімі Мерей Нұрғазыұлы Ибрагимов «Ерлігі үшін» медалімен наградталсын (марқұм)», – делінген президент қаулысында.