Қарағандыда 23 жастағы трансгендерді әріптестері жұмысқа кіргізбей қойған

0 357

Қарағандыда жынысын ауыстырған азаматты жұмыс орнына кіргізбей қойған, бұл туралы 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасында айтылды.

23 жастағы трансгендер Қарағандыдағы «Алтын Арба» орталық базарында жұмыс істейді. Бұрынғы Юрий, бүгінгі Виканы базардағы әріптестері көргісі келмейді екен.

Әйел кейпінде келген азаматты ұнатпағандар базарға полиция шақыртыпты. Құзырлы орган қызметкерлері алыптай азаматтың жынысын ауыстырып, сырт келбетін өзгерткенін анықтады. Алайда жұртшылық оның үстінен шағым жазуға тартынып қалған.

kznews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.