БҚО оқушысының зорланғанын жасырған мектеп директорына үкім шықты

0 241
Батыс Қазақстан облысында оқушысының зорланғанын жасырған мектеп директоры Лариса Қожахметоваға үкім шықты. Жаңақала аудандық сотының хабарлауынша, ол өз шәкіртіне өгей әкесінің азғындық жасағанын білсе де, ауыр қылмысты жасырып қалуға тырысқан.

Ол өз қызметкерлерімен жиын өткізіп, бұл оқиғаны құқық қорғау органдарына хабарлауға тыйым салған. Бұл аздай зәбір көрген оқушының шешесінен қызды басқа мектепке ауыстыруды талап етеді. Сот оны кінәлі деп тауып, үш жыл  бас бостандығын шектеді.   Қызметінен уақытша шеттетілген Ләззат Қожахметова пробациялық бақылауда болады.

“Қожахметованың қылмыстық әрекетсіздігінің нәтижесінде қыз балаға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер өгей әкесімен екі мәрте жасалған. Сотталушының кінәсі куәлардың, беттестіру жүргізу хаттамаларымен дәлелденді”, – дейді Жаңақала аудандық сотының судьясы Ілияс Іргебаев.

Бірақ сотталушы Лариса Қожахметова үкіммен келіспейді. Оның қорғаушылары да мектептен тыс жерде болған оқиғаға директордың айыпталуы қисынсыз екендігін әрі бұл істің толық дәлелденбегенін айтып отыр. Олар мұндай сорақылықтың Қазақстанда алғаш рет болғанын мәлімдеп, халықаралық соттарға дейін шағымданатынын жеткізді.

“Жас баланың болған-болмағанына анасы сенбедім деп тұр ғой. Енді қараңыз: бұл жерде мектеп мұғалімдеріне келіп айтты деп тұр. Әлі күнге дейін анасының тарапынан полицияға түскен арыз жоқ. Өгей әкесі тиісті, осындай факті орын алды деген арыздың болмауының өзі мұндай қылмыстың болмағанының дәлелі болып табылады. Ең басты факт осы бұл істе”, – дейді БҚО адвокаттар алқасының мүшесі Асылхан Нұрханова.

Еске салайық, қылмыстық іс материалдары бойынша мектеп оқушысын өгей әкесі екі жылдан астам уақыт зорлаған. Ол 22 жылға сотталды. Енді жәбірленуші оқыған мектептің директорын жазаламақ. Бірақ мектеп директорының адвокаты істің әділетсіз жүріп жатқанына шағымданды, Лариса Қожахметова өзінің кінәсіз екенін айтып, кешірім сұрағанын жазған едік.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.