АҚНИЕТКЕ ГАЗ КЕЛЕТІН КҮН ЖАҚЫН

0 294

Т.Рысқұлов ауданында тағы бір округте газ құбырын тарту жұмыстары басталды.
Аудан орталығынан шалғайда жатқан Ақниет ауылдық округі осы күнге дейін көгілдір отынның рахатын сезіне алмай келген болатын. Маңызды мәселе биыл өз шешімін тауып, жұмыстардың алғашқы легі басталып кетті.

Өткен аптада аталмыш бағыттағы жұмыстардың атқарылу барысын зерделеу мақсатында аудан әкімі Ерболат Садырқұлов округтерге қарасты елді мекендерге арнайы барды. Сапар барысында мердігер компания өкілдерімен кездесіп, жоба аясында жүргізіліп жатқан жұмыс туралы пікір алмасты.

Көгілдір отын Ақниет ауылдық округіне қарасты Д.Қонаев және Әбілқайыр ауылдарына жүргізілетін болады.

Құрылыс жұмыстарын 2021-2022 жылдар аралығында аяқтау жоспарланған. Жоба жұмысын мердігер компания ретінде «Отау-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде.
Тағы бір айта кететіні, аудан әкімі сапар барысында Ақыртөбе ауылында ағымдағы жылы күрделі жөндеуден өтетін балаларға арналған ойын алаңы мен Құмарық ауылындағы «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында іске асып жатқан саябақтың құрылыс жұмыстарымен танысты. Аудан басшысы өз сөзінде жұмыстың сапалы әрі уақытылы аяқталуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.