Мен өзіме қарамай кеттім: Динара Қырықбаева күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты
Қазақстандық әнші, блогер және кәсіпкер Динара Қырықбаева ажырасуы туралы ашық айтты. Ол отбасын құрып, балаларды дүниеге әкелгеннен кейін ол өзіне қарауды мүлдем ұмытып кеткенін атап өтті.
Бұл туралы Динара Instagram-да баяндады.
«Некеге тұрған кезде, сіз шынымен де болашақта, жалпы алғанда, некеде сізді не күтіп тұрғанын білмейсіз. Көптеген сәтте сіз өзіңізді ұмытып кетесіз. Осындай жағдай менімен де болды. Үйленгеніме бес жыл болды. Балалар дүниеге келді. Жанжал да болды, бәрі болды. Бұл барлық отбасында болатын жағдай. Осы бес жыл мен өзіммен жұмыс істемедім. Мен өзімді бар екенімді ұмытып кеттім. Мен өзімді ұмытып кеттім, мен өзіме ешнәрсе берген жоқпын, менде өзімнен басқасының бәрі болды. Мен ана болу өмірдегі ең маңызды нәрсе деп ойладым, бұл менің міндетім деп санадым», — деп еске алады Қырықбаева.
Әншінің айтуынша, ол мінсіз барлық нәрсені білетін ана болғысы келді. Динара сонымен бірге ажырасу үшін отбасын құрмағанын атап өтті.
«Мен әке, анасы бар толыққанды отбасы бар бақытты отбасылық өмірді қалаймын. Ал мен ажырасқаннан кейін, әрине, ойым сан-саққа кетті. Мен бәрін реттей алмадым», — деп бөліседі Қырықбаева.
Отбасы бұзылғаннан кейін ол психологтен кеңес алды.
«Мен жаяужүре бастадым. Таңғы 7-де оянып, серуендеп келемін. Мен өзімді қатты жақсы көре бастадым. Массажға ешқашан бармаущы едім. Қазір тұрақты барамын. Мұндай ләззатты қалай жіберіп алғанмын? Енді мен өзімді бірінші орынға қойдым», — дейді Динара.
Ол сондай-ақ өзге келіншектере үнемі өздеріне уақыт бөлуге шақырды. Сіз өзіңізді жақсы көргенде және сенімді болғанда ажырасудың қажеті жоқ екенін атап өтті.