Алматыда әл-Фараби даңғылы 10 күнге жабылады
Алматы қаласында әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Алматы қалалық мобильділік басқармасы таратқан ақпаратқа сәйкес, Әл-Фараби даңғылының Достық даңғылынан Жарбұлақ өзеніне дейінгі көлік жүретін бөлігіндегі жол жабындысын толық ауыстыра отырып, жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 1-10 маусым аралығында әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады.
Басқарма келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайтынын жеткізді. Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.