Жүргізуші автокөлігімен Жайық өзеніне батып кетті
Батыс Қазақстанда бір күнде екі адам суға кетті.
Сағат 15.24-те Есенсайдан Чапаевқа қарай жеткізетін паромдағы тежегіштің ақауы салдарынан «ВАЗ-2121» автокөлігі суға кетті.
Оның ішінде 49 жастағы жүргізуші болған. Сағат 19.14-те жедел құтқару жасағының күшімен (4 адам, 1 техника) жүргізушінің мүрдесі мен автомобиль судан шығарылды.
Тағы бір қайғылы оқиға жексенбі күні Бәйтерек ауданы Переметный ауылында болды. Сағат 19.00-де Деркөл өзеніне шомылған 24 жастағы жігіттің денесін куәгерлер алып шыққан.