Он айлық сәбиін ұрып-соққан әйелге қатысты тергеу басталды – видео

0 318

Павлодар қаласында үйдің кіреберісінде 10 айлық сәбиін аяусыз ұрып-соққан әйел видеоға түсіп қалған.

Сәбидің анасы 32 жастағы әйел екені анықталды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Павлодар облыстық Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің айтуынша, қазіргі уақытта бала ауруханаға жатқызылды.

 

Әйелдің 10 айлық сәбиден басқа 12 және 14 жастағы балалары бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.