Тоқаевқа «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника» жинағы ұсынылды

0 280
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады.Кездесуде ел Президентінің тапсырмаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Сенат Төрағасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қабылданған бірқатар заңдар жөнінде, соның ішінде, республикалық бюджет туралы заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар, сайлау туралы заңға енгізілген түзетулер туралы айтты. Мемлекет басшысы аталған заңдарға қол қойды.

жоғарғы палата квазимемлекеттік сектордағы сатып алуларды реттейтін заң қабылдады. Қазіргі уақытта әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, Салық Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу және басқа да заң жобалары депутаттардың қарауында жатыр.

Мәулен Әшімбаевтың мәліметі бойынша осы сессия басталғалы бері сенаторлар 12 заң жобасына бастамашы болды. Оның 3-ін Парламент қабылдаса, 4-уі Сенат пен Мәжілістің қарауында. Тағы 5 заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленіп жатыр.

Сенат Төрағасы Президентке парламентаралық ынтымақтастықты дамыту, Ресей, Өзбекстан және басқа да елдердің заң шығарушы органдарымен байланыстарды нығайту жөнінде айтты.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника» жинағын ұсынды. Аталған үш томдықта Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың қасіретті тарихын баяндайтын мыңнан астам архив құжаттары жинақталған.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.