Сарыуда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

0 295
Аталмыш семинар-жиынды аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев күн тәртібіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбына кеңінен тоқталды.
Семинар-жиынға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінен және Жамбыл адалдық алаңы жобалық кеңсесінен қызметкерлері шақыртылған.
Бірақ індеттің алдын алуға байланысты шақырылған азаматтар арнайы видео конференция байланысы арқылы қосылды.
Ауылдық округ әкімдері де Zoom платформасы арқылы байланысқа шықты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы бейнеролиг көрсетілді.
Семинар-жиында «Жаңатас қаласындағы бас жоспарға сәйкес жер телімдерінде заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша» маңызды мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша бірінші болып хабарлама жасау үшін сөз Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы – Шалбаев Дәуренбек Әсембекұлына берілді.
Сондай-ақ, көпшілік тарапынан келіп түскен ұсыныстармен пікірлер ескеріліп, нақты тапсырмалар берілді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.