Ақмола облысында бірінші сынып оқушылары суға батып кеткен

0 281

Ақмола облысында екі бала суға батып кетті. Мерт болғандар туыстар, бірінші сынып оқушылары

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 25 мамырда болған.

Қайғылы оқиға туралы хабарлама Аршалы ауданының ПБ-не сағат 17.23-те келіп түскен. № 42 Разъезд станциясының жанында екі бала суға батып кетті.

Құтқарушылар оқиға орнына келіп, № 42 Разъезд станциясынан 200 метр жерде 2013 жылғы бірінші сынып оқушысының суға батып кеткенін анықтады.

Мән-жайларды анықтау, сондай-ақ, куәгерлерден (марқұмның әкесінен) жауап алу кезінде үш баланың үйден шығып, жоғарыда аталған учаскеде шомылуға барғаны белгілі болды. Шамамен 16.30-да үйдің кіші ұлы үйге жүгіріп келіп, әкесіне ағалары шомылған кезде көмек сұрағанын айтты. 16.55-те әкесі жан тәсілім еткен ұлын судан шығарып алған. Кейін Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «ЖҚБ» ММ қызметкерлері суға батып кеткен баланың жиенін алып шықты, — делінген хабарламада.

stan.kz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.