«Мемлекеттен ақша алып беремін» – алаяқ әйел ұсталды

0 227

Polisia.kz-тің мәліметінше, қазіргі таңда халықтың сеніміне кіріп, елді алдайтын алаяқтар көбейген.

Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция бөліміне бірнеше жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші әйелдердің айтуынша, олар жақын таныс емес егде жастағы әйелге сеніп, оның арбауына түсіп қалған.

Яғни мемлекеттік бағдарлама бойынша қайтарымсыз қаражат шығаруға көмектесетінін айтқан алаяқ тұрғындардың ақшасын алған соң, жоқ болған.

Жәбірленушінің бірі оған 200 мың теңге берсе, екіншісі 150 мың теңге ұстатқан.

Полицейлер күдіктіні Шымкент қаласынан ұстады. Сондай-ақ 70 жастағы алаяқтың тағы бір әйелді алдап, 85 мың теңгесін алғаны белгілі болды. Тұрғынға «мемлекет тарапынан мүгедектерге берілетін қаражат пен азық-түлік алып беремін» деп сендірген.

Ұсталған күдікті әйел бұған дейін алаяқтық әрекеті үшін жазасын алған. Тергеу басталды.

AIKYN.KZ

Leave A Reply

Your email address will not be published.