Армения мен Әзірбайжан шекарасында атыс болды
25 мамыр, сейсенбі күні Армениядағы шекара учаскесінде Әзірбайжан әскери күштерінің қатысуымен атыс болды, деп хабарлады «Адырна» тілшісі. Бұл туралы Армения Қорғаныс министрлігі жазды.
«25 мамырда сағат 14:20-да Гегаркуник облысындағы Верин Шоржа елді мекенінің шекара маңында атыс қаруын қолдану оқиғасы орын алды. Қарсыластар тарапынан армян бекеттері бағытында атыс жүргізілді», — делінген хабарламада.
Атыс нәтижесінде 1 сержант қаза тапқан.