Қапшағайда суға батып бара жатқан 5 адам құтқарылды
Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қапшағай су қоймасындағы №6 қалалық жағажай маңынан суға батып бара жатқан 5 жасөспірімді құтқарып қалды.
Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қапшағай су қоймасын шолу кезінде №6 қалалық жағажай ауданында суға батып бара жатқан жастарды байқаған.
«Жедел құтқару жұмыстары нәтижесінде жағалауға 2002-2004 жылдары туған 5 жасөспірім шығарылды. Олардың бірі ес-түссіз күйде болған. Реанимация шараларынан кейін қыз есін жиған және жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», — делінген хабарламада.
Кейін жасөспірімдердің Алматы қаласынан демалысқа келгені анықталды.
Алматы облысының ТЖД өкілдері суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды:
- Тек рұқсат етілген жерлерде шомылу. Суға мас күйде түспеу;
- Қатты ағысы бар тік жағалауларда, батпақты және өсімдіктер өскен жерлерде шомылмаңыз;
- Ағысы қатты жерлерде суға түспеңіз;
- Егер судың температурасы + 18 С төмен болса, шомылмаңыз;
- Жүзу тақталарын, бөренелерді, үй құрылғыларын пайдаланбаңыз;
- Жағадан алыс жерде үрлемелі төсеніш немесе баллондарда жүзуге болмайды;
- Балаларға суға түсуге болатын жерлерде ойнауға рұқсат бермеңіз;
- Шомылу кезінде кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз.