15 тонналық жүк көлігін тартқан жамбылдық

0 342

«Күш атасын танымас» дейді қазақ. Расында, бойында Құдайдың берген қуаты тасып тұрған тау тұлғалы азаматтар арамызда баршылық. Соның бірі – Сарысу ауданы Саудакент ауылының тумасы Айбар Ержанов. Жуырда сом білекті сарысулық 15 тонналық жүк көлігін тартып, жалпақ жұртшылықты тәнті етті. Бұл туралы жамбылдық айтыскер ақын Олжас Отар өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Жамбылдық жігіттің өнеріне тамсанған желі қолданушылары балуанды қолдап «Жарайсың!», «Алға!», «Керемет!» деген сынды жағымды пікірлерін жазуда. Жалпы, бұл Айбардың жүк көлігін алғашқы тартуы емес. Бұған дейін ол ресейлік «КамАЗ» ауыр көлігін сүйресе, оның алдында жапонның 3 бірдей жол талғамайтын автомобилін тартып, көпшілікті бір таңғалдырған еді.

Оның өзге де жетістіктерін желіде жұбайы Айжан жариялап отырады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.