Кеншілер заманауи ЭКГ-10 экскаваторын іске қосты

0 427

Жамбыл облысының өндірісті аймақтарының ішіндегі ең ірісі ол-«Қазфосфат» ЖШС филиалы «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені. Кешен 74 жылдық тарихында жан жадыратар өсіп-өркендеу жылдарымен қиын-қыстау жылдарды да қатар өткізді. Еліміз егемендік алғаннан кейін кәсіпорынның жұмысы қайта түзеле бастады. Қазіргі күні дамудың даңғыл жолына түсті.

Қазіргі уақытта «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінде өндірілетін өнім көлемі артуда, тау-кен техникалары жаңартылуда. Яғни, жұмыс та қызады деген сөз. Кеншілер үшін керегі де осы. Соның айқын айғағы өткен жылы бағасы 1.5 млрд теңге болатын 3 бірдей алып экскаватор, 6 БелАЗ, тағы басқа техникалар алынды.

Күні кеше соңғы алынған жаңа ЭКГ-10 экскаваторын жұмысқа қосу жөнінде арнайы салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шараға «Қазфосфат» ЖШС Бас директоры Мұқаш Зұлқарнайұлы Ескендіров және экскаваторды шығарған ресейлік УК «УЗТМ-КАРТЕКС», «ИЗ-КАРТЕКС» компанияларынан және «Казспецснабсервис» ЖШС-нен, «Газпромбанк» АҚ арнайы қонақтар келді.

Қонақтарды өндіріс жағдайымен «Қаратау» ТКӨК-нің директоры Мұратқали Бақыткерейұлы таныстырды. Бұрынғы экскаваторлардан ерекше өзгешеліктері бар, заманауи технологияны пайдалана отырып дайындалған жаңа экскаватордың жұмысқа кірісуін кеншілер қауымы ризалықпен тамашалады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.