Кит 16 жыл бойы өзімен жұмыс істеген жаттықтырушысын адамдардың көзінше өлтірген

0 274

АҚШ-та SeaWorld теңіз хайуанаттар бағында қайғылы оқиға болды. 41 жастағы Дон Браншо Тиликум атты 5 тонналық киттің құрбаны болды, деп хабарлайды The Daily Star басылымын сілтеме беріп

«Дон Браншо су бетінде тұрғанда Тиликум оның алдында тұрған. Донның ұзын шашы судың бетінде қалқып тұрғанда косатканың аузына түсіп кеткен «,-деп еске алады сол күнді Браншомен бірге жұмыс істеген жаттықтырушы Ян Тополецкий.

Әйел шашын босатуға тырысқан. Жағдайды көріп қалған Тополецкий дабыл түймесін басты. Алайда бір сәтте әйелді кит сүйреп кеткен.

Бассейн қызметкерлері су жануарын торлармен ұстауға тырысты. Олар әріптесін оның шырмауынан шығарып алуға тырысып, тамақпен де шақырып көрген.

Барлығы бірнеше секундта болды. Оқиға орнына келген полиция бейнебақылау камераларын қарап, кадрларда 13:38-де Дон бассейнге түскені, ал 13:43-те Тиликумнің жансыз денесін аузына салып жүзіп жүргені көрінеді. Қайғылы оқиғадан 20 минут өткен соң, әріптестері Браншоның көптеген жарақаты бар, мойны сынған денесін судан шығары алды.

Жантүршігерлік әрі қайғылы оқиғаны SeaWorld саябағына келген адамдар көрген. Бассейннің түбінде су асты мейрамханасы болғандықтан, Тиликум тереңге сүңгігенде адамдар оны тамашалайды.

«Мен косатка әйелді су түбіне апара жатқанын, содан соң жұтып жатқанын көрдім. Бәрі қорқынышты фильмдегідей болды», — дейді Sea World теңіз жануарлары саябағындағы мейрамхана қызметкері Линн Шабер.

Айтуынша, жануар бір нәрсе ұстаса, жібермейді. Ол Донға жабысып алып, инструктордың өз өмірін сақтап қалуға тырысып қалуына қарамастан, оған су бетіне шығуға мұрша бермеді.

Мейрамхананың қонақтары кит құрбанын қолынан сүйрегенін көргендерін айтады.

Бұл қайғылы жағдай орын алған кезде бассейнде 7 метрлік Тиликумнан басқа, тағы жеті кішкентай киттер болды. Бірақ олар тез арада басқа бассейнге ауыстырылды, океанариум жұмысшылары Браншоны Тиликумның аузынан шығарып алуға тырысты.

Тиликум екі жасында ұсталған. Қазір ол 28 жаста және ол адамдар қолында болған ең ірі кит болып саналады. Осы жылдар ішінде оның кесірінен екі адам қайтыс болды, сондықтан жаттықтырушыларға онымен жүзуге рұқсат етілмейді. Қайтыс болған Дон Браншо су жануарымен 16 жыл бойы жұмыс істеген.

Осы уақытқа дейін океанариум қызметкерлері киттің әйелге не себепті шабуыл жасауға итермелеген нәрсені анықтай алмайды. Кейбіреулер әйелдің түйілген шашын Тиликум ойыншық ретінде қабылдады. Ал енді біреулер 26 жыл қолда болған жануардың инстинкті оянып кетуі мүмкін дейді.

STAN.KZ

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.