Шығыс Қазақстанда бүлдіршін қыздың оқиғасы бүкіл ауылды дүрліктірді

0 320

Полицияның жеке құрамы «Дабыл» белгісі бойынша көтеріліп, іздеу жұмыстарына әкімдік пен мектеп қызметкерлері, тіпті еріктілер де жұмылдырылды

 

Шығыс Қазақстан облысында шкаф ішінде ұйықтап жатқан 9 жасар қызды полиция қызметкерлері мен бүкіл ауыл төрт сағат бойы шарқ ұрып іздеді, деп хабарлайды жергілікті YK-news.kz басылымы.

Ол өткен демалыста Алтай аймағындағы Маяк ауылындағы туыстарына қыдырып келген. Түстен кейін достарымен ойнауға кетіп, бірақ тиісті уақытта үйіне оралмаған. Әжесі оған қоңырау шалғанда телефоны сөндірулі болғандықтан, туыстары үрейленіп, оны іздей бастайды. Оның қайда екенін достары да білмеген.

«БІЗ БҮКІЛ АУЫЛДЫ, БАРЛЫҚ ҮЙДІ АЙНАЛЫП, ШАРҚ ҰРЫП ІЗДЕП ШЫҚТЫҚ. НӘТИЖЕ БОЛМАҒАН СОҢ, ПОЛИЦИЯҒА ЖҮГІНДІК», – ДЕЙДІ ҚЫЗДЫҢ ӘЖЕСІ ТАТЬЯНА ВЫХОДЦЕВА.

Ал Алтай аудандық полиция бөлімі хабар түскен бетте-ақ тұтас жеке құрамды «Дабыл» белгісі бойынша көтерген. Полиция қызметкерлері өзен жағалауы мен қараусыз қалған ғимараттар мен құдықтарды қарап шықты. Кешке қарай іздеу жұмыстарына әкімдік пен мектеп қызметкерлері және еріктілер де қосылды.

Алайда, бүлдіршінді іздеуге ниетті адамдар көптеп жиналған сәтте жоғалған қыздың атасы полицияға телефон шалып, немересін шкаф ішінде ұйықтап жатқан жерінен тапқанын айтқан.

Ол ойыннан үйге кеш қайтқаны үшін жазаланудан қорқып, шкаф ішіне тығылып ұйықтап қалған екен.

kznews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.