«Бейбітшілік пен келісім» автокеруені Қордай ауданына келді

0 447

Бүгін ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау және нығайтуға бағытталған «Бейбітшілік пен келісім» жаңа жобасының аясында құрылған автокеруен Қордай ауданына келді.

 Топ мүшелерімен алғашқы кездесуді аудан әкімдігінде өткізіп, жоба аясындағы жұмыс жоспарларының ұйымдастыру мәселелерін талқыланды.

Қордай ауданында 12-17 наурыз аралығында болатын авторкеруен құрамында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік мәселелер мен ауыл шаруашылығы мәселелерін, діни аспектілер мен қауіпсіздікті зерделеу секілді бағыттары бойынша бес жұмыс тобы бар. Топ мүшелері ауданның барлық ауылдық округтерінде болып, жергілікті халықтың бүгінгі тыныс-тіршілігін және оларды қандай мәселелер толғандыратынына зерделеу жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, спорттық-мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

Атқарылған жұмыстар бойынша күнделікті ақпараттар аудан әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына жарияланып отырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.