Алматы облысында ер азамат өзімен жанжалдасқан жаяу жүргіншіні қағып өлтірген
Алматы облысында жүргізуші өзімен жанжалдасып қалған жаяу жүргіншіні көлікпен қағып өлтірді
Полиция мәліметінше, 19 мамырда Қаскелеңде Volkswagen Golf жүргізушісі мен жаяу жүргіншінің арасыда дау туған. Нәтижесінде, көлігі бар азамат 50 жастағы тұрғынды қағып кеткен.
“Күдікті қолға түсті. Ол 61 жастағы жерглікті тұрғын болып шықты. Бұған қоса, азаматтың мас екені анықталды. Қазір ол абақтыда қамауда”, – деп атап өтті ПД өкілдері.
Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша “Адам өлтіру” бабымен қылмыстық іс қозғалды. автокөлік тәркіленіп, сараптамалар тағайындалды.